Center Image
IHSAN.KZ
Теміртауда бірлік күніне орай көшет отырғызу шарасы өтті
Теміртауда бірлік күніне орай көшет отырғызу шарасы өтті
Теміртау қаласында «Қазақстан халқының бірлігі» күніне орай кең көлемді тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Атаулы мерекеде қала жамағаты, өзге дін өкілдері және Теміртау тұрғындары бір алаңға жиналып, ынтымақ пен татулықтың жарқын үлгісін көрсетті. Игі шараға Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің имамы Ақниет Сәлімбайұлы және қалалық «Жақып Ақбай» мешітінің имамы Жанболат Жұматұрұлы және дін қызметкерлері қатысты.

Іс-шара аясында қатысушылар бірлесе отырып, қаланы көгалдандыру мақсатында ағаш отырғызу акциясын өткізді. Бұл игі бастама – тек табиғатты көркейту ғана емес, сонымен қатар жүректерді жақындастырып, әртүрлі ұлт пен дін өкілдерінің арасындағы өзара құрмет пен достықты нығайтудың айқын көрінісі болды.

Бірлік пен берекені ту еткен бұл шарада қатысушылар ортақ мақсат жолында бірігіп, ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын көрсетті. Табиғатқа жанашырлық танытып, келер ұрпаққа жасыл әрі көрікті қала қалдыру жолында аянбай еңбек етті.

Осындай игі істер арқылы қоғамда келісім мен тұрақтылық нығайып, «бірлік бар жерде – тірлік бар» қағидасының мәні айқындала түсті. Бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын тауып, ел ішіндегі татулық пен өзара түсіністікті арттыра бермек.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz