Center Image
IHSAN.KZ
Теміржол полициясы қызметкерлерімен кездесу өтті
Теміржол полициясы қызметкерлерімен кездесу өтті

Қарағанды облысы, Осакаровка аудандық мешітінің имамы Құдайберген Серікұлы Теміржол полиция бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізіп, жат ағымдардың алдын алу бағытында насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында дәстүрлі діннің құндылықтары, діни сауаттылықты арттыру және қоғамда күмәнді діни ағымдардың таралуына жол бермеу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пайдалы кеңестер ұсынылды.

Шараның басты мақсаты – қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, құқық қорғау қызметкерлерімен бірлесе отырып, теріс ағымдардың алдын алу және рухани қауіпсіздікті нығайту.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz