Осакаровка аудандық мешітінің имамы Құдайберген Серікұлы ауданға қарасты мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысу, діни ахуалды зерделеу және жамағатпен тығыз байланыс орнату мақсатында Родниковский ауылдық «Байдалы би» мешітінің жамағатымен арнайы кездесу өткізді.
Кездесу барысында имам жамағатқа имандылық, бірлік, ынтымақ және ізгілік жайында насихат айтып, мешіттің қоғамдағы рөлі мен жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығына ерекше тоқталды. Сондай-ақ, діни тұрақтылықты сақтау, жат ағымдардан сақтану және дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиын кезінде мешіттің бүгінгі жағдайы, атқарылып жатқан діни-ағартушылық шаралар, жамағат белсенділігі және алдағы жоспарлар туралы жан-жақты ақпарат алынды. Жамағат өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.
Кездесу соңында имам ауыл тұрғындарына ізгі тілегін жеткізіп, ел бірлігін сақтау мен мешіттің дамуына үлес қосу – барша мұсылман қауымының ортақ міндеті екенін атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы