Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешітінде шәкірттер емтихан тапсырды
«Төлеутай ата» мешітінде шәкірттер емтихан тапсырды

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде шәкірттердің білім деңгейін тексеруге арналған емтихан ұйымдастырылды.

Аталған емтихан барысында шәкірттердің діни білімін саралап, олардың меңгерген тақырыптары бойынша деңгейі тексерілді. Арнайы дәріс сабағын екі апталық іс-тәжірибеден өтуге келген болашақ ұстаз Эгамбердиева Аружан жүргізді.

Іс-тәжірибе кезеңінде ол шәкірттерге дәріс оқып, олардың білімін жүйелі түрде бағалап отырды. Емтихан қорытындысы бойынша шәкірттердің дайындық деңгейі сараланып, белсенді қатысқан және жақсы нәтиже көрсеткендерге арнайы сертификаттар табысталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz