Ақтас кенті «Ерімбет ата» мешітінің имамы Азамат Сайлауұлы Қарағанды қаласындағы авиабаза қызметкерлерімен кездесу өткізіп, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында имам жат ағымдардың қауіптілігі мен олардың қоғамға тигізер зияны жайында кеңінен айтып, дәстүрлі діннің құндылықтарына тоқталды. Сондай-ақ, қызметкерлерді діни сауаттылықты арттыруға, күмәнді ақпарат көздерінен сақ болуға шақырды.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, маңызды пікір алмасу алаңы қалыптасты.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы