Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫ: «ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» ҚОРЫ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ
ҚАРАҒАНДЫ: «ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» ҚОРЫ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ
ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бастамасымен «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының  ұйымдастыруымен кезекті игі шара өтті.

Шараның мақсаты әлеуметтік көмекке мұқтаж, көпбалалы және жалғызбасты аналардың отбасындағы балаларға қолдау көрсету.

Шара барысында Қарағанды облыстық “Әнет баба” мешітінің ауласында алты қанат ақ орда тігіліп, ақ дастархан жайылды. Арнайы балаларға әзірленген дәм ұсынылып, мейірім мен жылулыққа толы орта қалыптасты.

Шара барысында балаларға ерекше көңіл бөлініп, түрлі ойын-сауық бағдарламалар ұйымдастырылды. Игі іс дін жанашырлары мен жомарт жандардың демеушілігі арқылы жүзеге асты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz