Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұйымдастыруымен қарттар үйінде тағылымды кездесу өтті. Игі шараның басты мақсаты – аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, олардың көңілін көтеріп, рухани қолдау білдіру болды.
Кездесу барысында мешіттің наиб имамы Дархан Түменбай қарияларға өнегелі уағыз-насихат айтып, бірлік пен татулықтың маңызына тоқталды. Сондай-ақ үлкендерге ізет көрсету, олардың батасын алу – ұлт тәрбиесінің негізі екені ерекше атап өтілді.
Шара соңында қариялар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, ел амандығы мен бірлігі үшін ақ баталарын берді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы