Center Image
IHSAN.KZ
Бірлік мерекесінде қарияға қайырымдылық көмек көрсетілді
Бірлік мерекесінде қарияға қайырымдылық көмек көрсетілді

Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Рүстем Мұратұлының ұйымдастыруымен әлеуметтік көмекке мұқтаж қарияларға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Игі шара барысында қарияның отбасына азық-түлік себеті табысталып, тұрмыстық қажеттіліктеріне қолдау көрсетілді. Мешіт имамы қарияның жағдайын сұрап, жылы лебізін білдіріп, ізгі тілегін жеткізді.

Өз кезегінде қария көрсетілген қамқорлық үшін алғысын айтып, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz