Center Image
IHSAN.KZ
“Әр күніңді әсемде” атты қайырымдылық акциясы өтті
“Әр күніңді әсемде” атты қайырымдылық акциясы өтті
Қарағанды облысы Теміртау қаласының бас имамы Ақниет Сәлімбайұлының игі бастамасымен қолға алынған “Әр күніңді әсемде” атты қайырымдылық акциясы өз жалғасын тауып, ел игілігіне қызмет етуде. Жүректерге жылу сыйлаған бұл шара аясында қала тұрғындарының қолдауымен және жамағаттың белсенді қатысуымен 25 отбасыға қажетті азық-түлік үлестірілді.

Аталған акция – тек материалдық көмек көрсету ғана емес, қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықты арттыруға бағытталған тағылымы терең бастама. Қиын жағдайға тап болған отбасыларға қол ұшын созу арқылы бірлік пен бауырмалдықтың жарқын үлгісі көрсетілді.

Бұл игі істің басты мақсаты – әрбір жанның күнін шуаққа бөлеп, үміт отын жағу, жақсылыққа жетелеу. Осындай қайырымдылық шаралары қоғамдағы ізгілікті арттырып, адамдар арасындағы сенім мен татулықты нығайта түсетіні сөзсіз.

Алла Тағала осы сауапты іске атсалысқан барша жандардың ниеттерін қабыл етіп, жасаған жақсылықтарын еселеп қайтарсын!

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz