Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Шахтинск қаласында Діни бірлестіктер клубының құрылтай отырысы өтті. Жиында қоғамдағы татулықты нығайту, діни және этномәдени бірлестіктер арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында мешіт имамы сөз сөйлеп, қоғамдағы бірлік пен өзара құрметтің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, дінаралық диалогты нығайту – тұрақтылық пен келісімнің негізі екені атап өтілді.
Іс-шара аясында әлеуметтік жауапкершілік тақырыптары көтеріліп, ортақ игі бастамаларды жүзеге асыру мәселелері қарастырылды. Қатысушылар тарапынан клубты тұрақты диалог алаңы ретінде дамыту ұсынысы қолдау тапты.
Жиын қорытындысы бойынша бірқатар ұйымдастырушылық шешімдер қабылданып, алдағы уақытта бірлескен жұмыстарды жалғастыру жоспарланды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы