Осакаровка аудандық мешітінің имамы Құдайберген Серікұлы Төтенше жағдайлар министрлігі департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Жиын барысында қоғамда жат ағымдардың таралуының алдын алу, діни экстремизм мен радикалды идеологияларға қарсы иммунитет қалыптастыру мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар, дін саласындағы дұрыс ақпаратты насихаттау және қызметкерлердің діни сауаттылығын арттыру бағытында пікір алмасу болды.
Кездесу соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, қауіпсіз қоғам қалыптастырудағы бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы