ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасына сәйкес, Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінде бақылау-басқару жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстарды Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы жүзеге асырды.
Аудандық мешіт имамы Митератбек Орынбекұлы облыстан келген наиб имамға ауданның бүгінгі тынысынан хабар берді.
Бақылау - басқару аясында келесі бағыттар қамтылды:
– өрт қауіпсіздігі дабыл жүйелерінің болуы;
– өрт қауіпсіздігіне қатысты құжаттардың (жоспар, схема) толықтығы;
– электр жүйелерінің талапқа сай жұмыс істеуі және қауіпсіздігінің сақталуы;
– мешіттер мен оған қарасты ғимараттардың өрт сөндіргіш құралдармен қамтамасыз етілуі және олардың жарамдылық мерзімінің тексерілуі;
– «кіріс-шығыс» құжаттарының толық әрі дұрыс жүргізілуі;
– мешіттердің ішкі және сыртқы тазалығы (намазхана, дәретхана, асхана және өзге де нысандар);
– жаңадан салынған мешіттердің құжаттарының толықтығы.
Жұмыс қорытындысы бойынша облыстық мешіттің наиб имамы мешіттің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, мешіттің қызметіне оң бағасын берді.
Аталған бақылау-басқару жұмыстары мешіттердің қызмет сапасын арттыруға, қауіпсіздік талаптарын сақтау мен құжат айналымын жүйелеуге бағытталған.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы