Center Image
IHSAN.KZ
«Ерімбет ата» мешітінде «Фиқһ әл-Муяссар» кітабы бойынша өткен дәріс аяқталды
«Ерімбет ата»  мешітінде «Фиқһ әл-Муяссар» кітабы бойынша өткен дәріс аяқталды

Ақтас кенті «Ерімбет ата» мешітінің имамы Азамат Сайлауұлының өткізуімен «Фиқһ әл-Муяссар» кітабы негізінде бір жыл бойы өткен діни сауат ашу дәрісі аяқталып,  шәкірттерге сертификат табысталды.

Дәріс барысында шәкірттерге шариғат заңдары, құқық негіздері, құлшылық әдебі мен фиқһ мәселелері кеңінен түсіндірілді. Тұрақты түрде өткен тағылымды сабақтар жамағаттың діни білімін арттырып, рухани тәрбиесіне оң әсерін тигізді.

Іс-шара соңында дәрісті толық аяқтап, діни сауат ашқан шәкірттерге арнайы сертификаттар табысталды. 

Сонымен қатар имам Азамат Сайлауұлы ілім үйренудің артықшылығына тоқталып, алған білімді өмірде дұрыс қолданудың маңызын атап өтті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz