Қарағанды облысы, Саран қалалық мешітінде “Исламдағы бала тәрбиесі” атты тренинг өткізілді.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – ата-аналарға ислам құндылықтарына негізделген бала тәрбиесінің маңызын түсіндіру болды. Тренинг барысында қатысушыларға баланың рухани дамуы, әдептілікке баулу, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы тәрбиенің өзекті мәселелері жайлы кеңінен ақпарат берілді.
Сонымен қатар, мамандар мен имамдар Құран мен хадистерге сүйене отырып, балаға дұрыс тәрбие берудің жолдарын түсіндіріп, нақты мысалдар келтірді. Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы