Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай арнайы дастарқан жайылып, рухани кеш ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы «Отанды сүю – иманнан» тақырыбында уағыз-насихат айтып, елге қызмет етудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар қасиетті Құран аяттары оқылып, ел мен жердің тыныштығы, халқымыздың амандығы мен бірлігі үшін дұға жасалды.
Жиналған жамағат рухани кештен тағылым алып, Отанға деген сүйіспеншілік пен елге адал қызмет етудің маңызы жайында әсерлі насихат тыңдады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы