Center Image
IHSAN.KZ
Ұлы Отан соғысы құрбандарының рухына Құран бағышталды
Ұлы Отан соғысы құрбандарының рухына Құран бағышталды

Бұқар Жырау ауданына қарасты Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінің шәкірттері Ұлы Отан соғысына қатысып, ел мен жер үшін жанын қиып, шейіт болған ата-бабалар рухына Құран бағыштады.

Игі шара барысында майдангерлер мен ел тыныштығы жолында құрбан болған боздақтардың рухына дұға жасалып, жамағатқа тағылымды насихат айтылды. Бейбіт өмір мен тәуелсіздіктің қадірін ұғындыру мақсатындағы жиында ел бірлігі мен амандығы тіледі.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz