Шет ауданында 9 мамыр – Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысында шейіт болған ата-бабалардың рухына тағзым жасалып, бір минут үнсіздікпен еске алу рәсімі өтті.
Іс-шара барысында аудан имамы Берік Алпысбайұлы Құран оқып, майданда қаза тапқан боздақтардың рухына бағыштады. Жиналған жұрт ел мен жер үшін жанын қиған ерлерді еске алып, олардың ерлігіне құрмет көрсетті.
Шараның мақсаты – тарихи ерлікті ұлықтау және Жеңіс күнінің мән-маңызын жас ұрпаққа насихаттау.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы