Саран қалалық мешітінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен ел тәуелсіздігі жолында шейіт болған боздақтардың рухына арналған арнайы Құран бағыштау рәсімі өтті. Тағылымды шараға мешіт жамағаты, қала тұрғындары, ардагерлер ұйымының өкілдері және жастар қатысты.
Іс-шара барысында қасиетті Құран аяттары оқылып, майдан даласында қаза тапқан батырлардың рухына дұға жасалды. Сонымен қатар, соғыс жылдарындағы халқымыздың бастан кешкен ауыр кезеңдері еске алынып, бейбіт өмірдің қадірін білу жайында насихат айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы