Абай аудандық мешітінің ұйымдастыруымен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай мешіт жамағаты арасында футболдан сайыс ұйымдастырылды.
Аталған спорттық шараның негізгі мақсаты – Ұлы Жеңіс күнінің мән-маңызын ұрпақ санасына сіңіру, ардагерлер рухына тағзым ету, сондай-ақ мешіт жамағаты арасында бірлік пен ынтымақты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
Сайыс тартысты әрі жоғары деңгейде өтіп, қатысушы командалар өзара достық рухта бақ сынасты. Жарыс барысында көрермендер де белсенді қолдау білдіріп, ерекше атмосфера қалыптасты.
Қорытынды нәтиже бойынша жеңімпаз командаларға қаржылай сертификаттар табысталды:
1-орын – «Дария» командасы – 150 000 теңге
2-орын – «Вахта» командасы – 100 000 теңге
3-орын – «Жарық» командасы – 50 000 теңге
Шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға алғыс білдіріп, осындай игі бастамалардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы