Center Image
IHSAN.KZ
«Нұр» мешітінде ардагерлер рухына Құран бағышталды.
«Нұр» мешітінде ардагерлер рухына Құран бағышталды.
Шахтинск қалалық «Нұр» мешіті мешітінде 9 мамыр – Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер мен өмірден өткен соғыс ардагерлерінің рухына арнайы Құран бағышталып, дұға жасалды.

Іс-шара барысында бейбіт өмір мен ел тыныштығы жолында жанын қиған боздақтар еске алынып, олардың ерлігі мен өнегелі жолы жайында насихат айтылды. Сондай-ақ жамағат бірлік пен татулықтың қадірін ұмытпай, ел амандығы үшін дұға тіледі.

Алла Тағала марқұм болған барша ардагерлердің рухын шат қылып, елімізге тыныштық пен береке нәсіп етсін!

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz