Абай аудандық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен алдағы Құрбан айт мейрамына жоғары деңгейде дайындық жұмыстары жүргізілді.
Мешіт ауласында құрбандық шалу орындары арнайы дайындалып, келуші жамағат үшін әжетханалар орнатылды. Сонымен қатар жаңа автотұрақ алаңы жасалып, жамағаттың ыңғайлы келіп-кетуіне қолайлы жағдай қарастырылды.
Құрбандық шалу рәсіміне қажетті барлық жабдықтар толық орнатылып, мерекені жоғары деңгейде өткізуге бағытталған кешенді жұмыстар атқарылды.
Алла қаласа, Арафа күні арнайы шатырлар тігіліп, жамағатқа қосымша жағдай жасалмақ.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы