Қарағанды қаласында әйел-қыздар жамағаты арасында ұйымдастырылған волейбол турнирінде Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің шәкірттерінен құралған “Жалын” тобы үздік өнер көрсетіп, І орын иеленді.
Салауатты өмір салтын насихаттап, ауызбіршілік пен ынтымақты арттыруды мақсат еткен жарысқа қала мешіттерінің жамағаттары белсене қатысты.
Команда ойын барысында ұйымшылдық пен шеберліктің үлгісін танытып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Осындай игі шаралар жамағат арасындағы бауырмалдықты нығайтып, әйел-қыздардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға үлкен серпін береді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы