Қарағанды қалалық «Хазірет Али» мешітінің имамы Ербол Мұқанұлының ұйымдастыруымен қарттар үйіне арнайы зиярат жасалып, қайырымдылық шарасы өткізілді.
Игі шара барысында арнайы жәміс- жидек себеттері тарту етіліп, қариялардың жағдайы сұралып, оларға құрмет көрсетілді. Имам ақсақалдар мен әжелерге жылы лебізін білдіріп, ақ батасын алды. Сонымен қатар, қарттарға рухани насихат айтылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.
Мұндай тағылымды кездесулер үлкенге құрмет көрсетіп, қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын нығайтуға бағытталған.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы