Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде дәстүрлі бейсенбілік рухани уағыз-насихат кеші ұйымдастырылды.
Кездесу барысында жамағатқа «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» тақырыбында тағылымды насихат айтылды. Уағызда қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерінің Ислам дінімен сабақтас тұстары кеңінен түсіндіріліп, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызы сөз болды.
Сонымен қатар шариғатқа қайшы келетін ырым-тыйымдар мен негізсіз сенімдердің дінімізге қатысы жоқ екені айтылып, дәстүрді Құран мен сүннет өлшемдері негізінде бағалаудың маңыздылығы түсіндірілді. Үлкенге құрмет, кішіге ізет, қонақжайлық, асар, бата беру секілді халқымыздың ізгі дәстүрлері Исламның асыл қағидаларымен үндесетіні ерекше атап өтілді.
Жиын соңында жамағат көкейдегі сұрақтарын қойып, тақырып аясында пайдалы мәліметтермен сусындады.
Мұндай рухани кездесулер қоғамда дұрыс діни түсінік қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және жастардың саналы тәрбиесіне оң ықпал ететіні атап өтілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы