Қарағанды облысына қарасты «Әйел-қыздар» секторының жанындағы «Ханифа» қыздар даму академиясының ұйымдастыруымен «Бет күтімі – әйел ажары» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қыз-келіншектерге бет күтімінің маңыздылығын түсіндіру, күнделікті күтім жасау мәдениетін қалыптастыру және тері саулығына жауапкершілікпен қарауға бағыт беру.
Семинар барысында бет күтімі бойынша арнайы маман қатысушыларға тері күтімінің негізгі кезеңдері, тері түріне сәйкес күтім құралдарын таңдау және күнделікті күтім жасау ерекшеліктері туралы пайдалы ақпараттармен бөлісті.
Сонымен қатар қатысушылар үшін практикалық бөлім ұйымдастырылып, маманның жетекшілігімен бет күтіміне қатысты қажетті әдіс-тәсілдер көрсетілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты кеңестер алды.
Тағылымды әрі пайдалы кездесуде қыз-келіншектер өз денсаулығы мен сұлулығына ұқыпты қараудың маңыздылығын түсініп, күнделікті өмірде қолдануға болатын пайдалы мәліметтер алды.
«Ханифа» қыздар даму академиясы алдағы уақытта да қыз-келіншектердің жан-жақты дамуына бағытталған осындай мазмұнды кездесулер мен семинарларды жалғастыра бермек.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы