Center Image
IHSAN.KZ
Нұра ауданында ауыл имамдарымен аттестаттауға дайындық жиыны өтті
Нұра ауданында ауыл имамдарымен аттестаттауға дайындық жиыны өтті

Нұра ауданына қарасты ауыл мешіттерінің имамдарына алдағы уақытта өтетін аттестаттауға дайындық жиыны жүргізілді.

Жиын барысында дін қызметкерлеріне аттестаттаудың талаптары мен бағыттары бойынша түсіндірме берілді. Кездесу барысында имамдардың білімін жетілдіру, діни сауаттылығын арттыру және қызметтік міндеттерін сапалы атқаруына қажетті мәселелер талқыланды.

Алдағы аттестаттау барысында дін мамандары Құран, фиқһ, ақида пәндері бойынша білімдерін сынақтан өткізумен қатар, имамның тұлғалық келбеті, қызметтік әдебі, жамағатпен жұмыс жүргізу мәдениеті секілді бағыттар бойынша да сыналады.

Аталған талаптар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан қабылданған құжаттар мен бекітілген талаптар негізінде жүзеге асырылады.

Жиын соңында имамдарға аттестаттауға жүйелі түрде дайындалып, білімдерін пысықтау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz