Осакаровка ауданына қарасты Молодежный кенті мешітінің имамы Рүстем Мұратұлы мешіт жамағатына «Адал ас, адал еңбек, адал қоғам» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Уағыз барысында имам адал еңбектің маңызы, адал кәсіппен нәпақа табу және адал астың адам өміріндегі орны туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар мұсылманның күнделікті өмірінде адалдықты берік ұстанып, қоғамға пайдасын тигізудің маңыздылығына тоқталды.
Жамағатқа адал еңбек ету, табыстың тазалығына мән беру, күмәнді істерден аулақ болу және айналасына ізгілікпен қарау жөнінде насихат айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы