Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің имамы Митератбек Орынбекұлы мешіт жамағатына «Адал ас, адал еңбек, адал қоғам» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Уағыз барысында адал еңбектің адам өміріндегі маңызы, адал жолмен нәпақа табу және астың адалдығына мән берудің қажеттілігі түсіндірілді. Сонымен қатар адалдықтың қоғамның тұрақтылығы мен берекесін арттырудағы рөліне тоқталды.
Мешіт жамағаты адал кәсіппен айналысып, маңдай термен табыс табуға, харамнан және күмәнді істерден аулақ болуға шақырылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы