Қарағанды қалалық “Төле би” мешітінде “Адал ас, адал еңбек, адал қоғам” тақырыбында насихат айтылды.
Кездесуде адал ризықтың маңызы, маңдай термен еңбек етудің берекесі және қоғамда адалдық пен жауапкершілік қағидаларын қалыптастыру жайында сөз қозғалды. Жастарға әрбір істі шынайы ниетпен атқарып, адал еңбекті өмірлік ұстаным ету керектігі түсіндірілді.
Іс-шара барысында жастардың сұрақтарына жауап беріліп, пайдалы кеңестер айтылды. Мұндай тағылымды кездесулер өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесін арттыруға бағытталған.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы