Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешітінде колледж студенттеріне нашақорлықтың зияны түсіндірілді
«Төлеутай ата» мешітінде колледж студенттеріне нашақорлықтың зияны түсіндірілді

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұйымдастыруымен колледж студенттеріне «Нашақорлық – құрдымға кетіреді» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында жастарға есірткі заттарының адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және болашағына тигізетін кері әсері туралы кеңінен айтылды. Сонымен қатар, нашақорлықтың жеке адамға ғана емес, отбасы мен қоғамға да үлкен зиян келтіретіні түсіндірілді.

Кездесуде жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, бос уақыттарын тиімді пайдалануға және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды.

Шара барысында студенттерге тақырып аясында арнайы буклеттер таратылып, нашақорлықтың алдын алу бойынша пайдалы ақпараттар ұсынылды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz