Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде «Адал ас, адал еңбек, адал қоғам — рухани байлықтың негізі» атты тақырыпта уағыз-насихат шарасы өтті.
Іс-шара барысында имам адал ас ішудің, адал еңбекпен күн көрудің исламдағы орны мен маңызы туралы кеңінен тоқталды. Харам жолмен тапқан ырыздықтың адамның ой-өрісіне, ниетіне, тіпті дұғасының қабыл болуына теріс әсер ететіні жеткізілді.
Сондай-ақ әр мұсылманның еңбегін адал атқарып, сатып-алу мен саудада алдау-арбаудан аулақ болуы қажеттігі, өйткені мұның бәрі қоғамдағы сенім мен ынтымақтың негізін құрайтыны айтылды.
Адал қоғам – адал жандардан құралады. Ал адал жан тек адал ас, адал еңбектен қалыптасады. Осындай игі шаралар қоғамда адалдық пен әділдікті насихаттауға, адамдардың рухани байлығын арттыруға бағытталғаны атап өтілді.
Шара соңында қатысушыларға өмірінде әрдайым адал жол ұстануға, ризығын пәк әрі берекелі етіп табуға тілек білдірілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы