Шет ауданына қарасты Ақжал кентінің мешітінде ардақты Мұхаммед пайғамбарымыздың ﷺ туған айына орай Мәуліт мерекесі аталып өтті.
Іс-шара Ақжал кенті мешітінің имамы Әбілмашев Богдан Насырұлының ұйымдастыруымен өтті. Мәуліт кешіне мешіт жамағаты, жастар және ауыл тұрғындары қатысты.
Мерекелік жиында Тараз қаласынан арнайы ұстаз ретінде келген Зұлпықаров Нұрсұлтан Мәуліт оқып, жамағатқа пайғамбарымыздың ﷺ өнегелі өмірі мен көркем мінезі жайында насихат айтты.
Жиын барысында жамағатқа рухани тағылым беретін уағыз-насихат айтылып, пайғамбарымызға ﷺ салауаттар жолданды.
Іс-шара соңында мешіт асханасында жамағат пен қонақтарға арнайы дастархан жайылып, көпшілік бірге ас ішті. Басқосу соңында келген қонақтарға алғыс айтылып, жамағат ақжол тілеп шығарып салды.
Мәуліт мерекесі — мұсылман қауымын сүйікті пайғамбарының ﷺ өнегелі жолын еске алып, оның көркем мінезі мен ізгі қасиеттерін үлгі етуге үндейтін тағылымды шара болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы