Абай аудандық мешітінде отбасы құндылықтарын дәріптеу, шаңырақтың беріктігін сақтау және отбасылық мәселелер бойынша рухани қолдау көрсету мақсатында «Отбасылық кеңес беру» бөлімі өз жұмысын бастады.
Аталған бөлім аясында мешіттің наиб имамы Жардыбай Ережеп кеңес алуға келген жас отбасымен кездесіп, отбасылық өмірдің жауапкершілігі, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара сыйластық, түсіністік пен сабырлылықтың маңыздылығы жөнінде ақыл-кеңесін берді.
Кездесу барысында ислам дініндегі отбасының орны, ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері, отбасындағы татулық пен берекені сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді.
«Отбасылық кеңес беру» бөлімінің басты мақсаты – отбасылық мәселелерге қатысты діни-рухани бағытта кеңес беру, ерлі-зайыптылар арасындағы түсініспеушіліктердің алдын алу, жас отбасыларға бағыт-бағдар көрсету және қоғамдағы отбасы институтының нығаюына үлес қосу.
Алдағы уақытта бөлім өз жұмысын жалғастырып, отбасылық құндылықтарды насихаттау бағытында кеңес беру жұмыстарын жүргізетін болады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы