ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен қыз-келіншектер арасында «Ілім бәйгесі» атты діни интеллектуалдық сайыс өтті.
Шараның басты мақсаты – шәкірттердің діни білім деңгейін арттыру, алған білімдерін саралау, ізденімпаздыққа баулу және өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.
Білім додасы Құран, хадис, сира, фиқһ және ақида пәндері бойынша бес бағытта ұйымдастырылды. Сайысқа мешіттер жанындағы діни сауат ашу курстарының шәкірттерінен құралған командалар қатысып, бірнеше кезең бойынша өзара бақ сынады.
Сайыс барысында қатысушылардың діни сауаттылығы, тапқырлығы, шапшаңдығы, топпен жұмыс істеу қабілеті мен білім деңгейі сараланды.
Білім бәйгесіне Қарағанды облысы бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі, облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Төленді Әйгерім Берікболқызы бастаған әділқазылар алқасы төрелік етті. Атап айтқанда, Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұстазы Ақым Салтанат Маратқызы, «Бала қажы» мешітінің ұстазы Рымкулова Фатима Аманболдықызы, «Әл-Машани» мешітінің ұстазы Кусаинова Гүлнұр Қанибекқызы және «Әл-Ғаффар» мешітінің ұстазы Ахметкалиева Бақыт Амантаевна қатысушылардың білімін бағалады.
Сайыс қорытындысы бойынша:
- І орын – Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің «Нұр» тобы;
- ІІ орын – Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің «Хафиза» тобы;
- ІІІ орын – «Қажыбай қажы» мешітінің «Ихсан» тобы.
Сонымен қатар, білім бәйгесінде белсенділік танытқан командалар арнайы номинациялармен марапатталды.
- «Үздік таныстыру» – облыстық «Әнет баба» мешітінің «Фатх қыздары» тобы;
- «Тапқыр топ» – «Жақып Ақбай» мешітінің «Ясин» тобы;
- «Зерделі ұжым» – «Әл-Ғаффар» мешітінің «Рауда» тобы;
- «Ізденімпаз шәкірттер» – «Бала қажы» мешітінің «Рауза» тобы.
Шара соңында жүлделі орын иелері мен арнайы номинация жеңімпаздары марапатталып, қатысушыларға ізгі тілектер айтылды.
Аталған рухани-ағартушылық шара шәкірттердің діни білімін жетілдіруге, өзара ынтымақтастығын нығайтуға және ілім алуға деген ынта-жігерін арттыруға бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы