Абай ауданына қарасты Құлайғыр ауылында қарттар күніне орай ауыл әкімі мен мешіт имамының ұйымдастыруымен ардақты қарияларға құрмет көрсетіліп, мерекелік шара өтті.
Шара барысында ауылдың ақсақалдарына арнайы дастархан жайылып, ізгі тілектер мен ақжолтай баталар айтылды. Сонымен қатар, ауылдағы қариялардың шаңырағына арнайы барып, хал-жағдайынан хабар алып, құрмет көрсетілді.
Жастарға бағыт-бағдар беріп, ақылын айтып, елдің бірлігі мен берекесіне үлес қосып жүрген қарияларға ұйымдастырушылар өз ризашылықтарын білдірді.
Қария – елдің қазынасы. Үлкенге құрмет көрсету – халқымыздың ежелден келе жатқан асыл дәстүрлерінің бірі. Осындай игі шаралар ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, қоғамдағы өзара сыйластық пен мейірімділікті арттыра түседі.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы