Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде «Ас беру мәдениеті» тақырыбында тағылымды кездесу өтті. Аталған құжатты таныстыру мақсатында ұйымдастырылған жиынға мешіт ақсақалдары, әжелер мен жамағат қатысты.
Ақ дастархан басындағы кездесуді мешіт имамы Әбілхайыр Кәсенұлы жүргізіп, ас беру дәстүрінің діни және тәрбиелік мәніне тоқталды. Кездесу барысында құдайы астың тағылымдық мазмұнын сақтау, ысырапқа жол бермеу және дастархан жаюда қарапайымдылықты ұстану мәселелері түсіндірілді.
Мешіт имамы ас беруде шынайы ниет пен марқұмға дұға бағыштаудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ әр отбасының мүмкіндігін ескеріп, артық шығынға ұрынбау, ас беруді бәсекеге айналдырмау және ағайын арасындағы ынтымақты нығайту жөнінде насихат айтты.
Тағылымды басқосу ұлттық дәстүрімізді діни құндылықтармен сабақтастырып, жамағат арасында ас беру мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы