Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінде «10 жылда – 10 сауапты жоба» жоспары аясында әйел-қыздарға арналған «Ой мен оқиға» атты кітап клубы ашылды.
Жобаның мақсаты – әйел-қыздардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани-танымдық білімін кеңейту және көркем әдебиет арқылы ой-өрісін дамыту.
Кітап клубы аясында қатысушылар оқыған шығармаларын талқылап, өз ойларымен бөлісіп, кітаптағы тағылымды оқиғалардан өмірлік сабақ алуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ жоба қыз-келіншектердің өзара пікір алмасып, рухани дамуына және пайдалы орта қалыптастыруына ықпал етеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы