Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінде қауіпсіздік мәселелеріне арналған жиналыс өтті.
Жиын барысында мешіт аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және жамағаттың тыныштығы мен амандығын қорғау мәселелері қарастырылды.
Кездесу барысында қауіпсіздік шараларын күшейту, белгіленген талаптарды қатаң сақтау және ықтимал келеңсіз жағдайлардың алдын алу қажеттігі атап өтілді.
Қауіпсіздік – баршамызға ортақ жауапкершілік. Осы ретте мешіт қызметкерлері мен жамағаттың амандығын сақтау, тыныш әрі қауіпсіз орта қалыптастыру маңызды міндеттердің бірі екені айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы