Center Image
IHSAN.KZ
«Әл-Машани» мешітінде Республика күніне орай спорттық шара өтті
«Әл-Машани» мешітінде Республика күніне орай спорттық шара өтті

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде 25 қазан – Республика күніне орай мешіт жастары арасында спорттық шара ұйымдастырылды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасы аясында, «Жастар ісі» секторының бағыты бойынша Келдібек Қуатбекұлының ұйымдастыруымен өткен шарада жастар арасында садақ атудан сайыс өткізілді.

Спорттық шараның мақсаты – жастардың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, дәстүрлі спорт түрлеріне қызығушылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz