25 қазан – Республика күніне орай Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің ұйымдастыруымен жастар арасында спорттық іс-шара өткізілді.
Шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, достық пен бірлікті нығайту және отансүйгіштік рухты арттыру.
Іс-шара барысында жастар түрлі спорттық сайыстарға қатысып, белсенділік пен ұйымшылдық танытты. Сонымен қатар қатысушылар Отанға деген сүйіспеншілік пен елге деген құрметті дәріптейтін өлең шумақтарын оқып, мерекелік шараның мазмұнын аша түсті.
Тағылымды шара жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және өзара татулық пен ынтымақты нығайтуға бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы