«Новое телевидение» телеарнасының тікелей эфирінде «Той – тәрбие мен тағылымның ордасы» тақырыбында сұхбат өрбіді.
Сұхбатқа ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Дін мен дәстүр» бағытының жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы және «Шариғат және пәтуа» бөлімінің жауапты маманы Жүсіп Шұғайұлы қатысты.
Тікелей эфир барысында той мәдениетін қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, ысырапшылдықтың алдын алу және той-томалақтарды шариғат талаптарына сай өткізу мәселелері кеңінен талқыланды.
Сондай-ақ мамандар тойдың тәрбиелік мәні, дастархан әдебі, орынсыз шығынға жол бермеу және ұлттық құндылықтарды сақтау жөнінде тағылымды ойларымен бөлісті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы