Center Image
IHSAN.KZ
«АР-РАХМАН» МЕШІТІНІҢ ДЫБЫС ТАРАТУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢАРТЫЛДЫ
«АР-РАХМАН» МЕШІТІНІҢ ДЫБЫС ТАРАТУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢАРТЫЛДЫ
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде жамағатқа қолайлы жағдай жасау, діни іс-шаралар мен рухани-ағартушылық жұмыстардың сапасын арттыру мақсатында мешіттің дыбыс тарату жүйесі жаңартылып, заманауи құрылғыларға ауыстырылды.

Атап айтқанда, мешіттегі дыбыс күшейткіш құрылғысы мен дыбыс реттегіш микшер пульті жаңартылып, трансляциялық жүйенің жұмысы жетілдірілді. Бұл өз кезегінде азан шақыру, бес уақыт намаз оқу, жұма намазы мен уағыз-насихат кезінде дыбыстың анық, сапалы әрі біркелкі таралуына мүмкіндік береді.

Мешіттің материалдық-техникалық базасын жетілдіру – жамағатқа қолайлы жағдай қалыптастырудың маңызды бағыттарының бірі. Осындай игі жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz