Center Image
IHSAN.KZ
«БҰҚАР ЖЫРАУ» МЕШІТІНДЕ АҚПАРАТ БҰРЫШЫ ОРНАТЫЛДЫ
«БҰҚАР ЖЫРАУ» МЕШІТІНДЕ АҚПАРАТ БҰРЫШЫ ОРНАТЫЛДЫ

Қарағанды қалалық «Бұқар Жырау» мешітінде жамағатты сенімді әрі өзекті мәліметтермен қамтамасыз ету мақсатында арнайы ақпарат бұрышы жасақталды.

Ақпарат бұрышында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми ақпараттары, «Халал», «Зекет», «Қажылық», «Шариғат және пәтуа» бағыттары бойынша жауапты мамандар туралы мәліметтер, діни оқу орындары, мешіт жаңалықтары және өзге де маңызды ақпараттар орналастырылды.

Аталған бастама жамағаттың діни мәселелер бойынша нақты әрі сенімді ақпарат алуына, қажетті мамандармен байланыс орнатуына және өздерін қызықтырған сауалдарға дұрыс бағыт табуына мүмкіндік береді.

Сондай-ақ жамағат қажетті мәліметтерді осы ақпарат бұрышынан алып, ҚМДБ бекіткен ресми дереккөздерге жүгіне алады.

Бұл игі бастаманың басты мақсаты – жамағаттың діни сауаттылығын арттыру, ақпараттық қолжетімділікті қамтамасыз ету және қоғамда сенімді діни ақпараттың таралуына ықпал ету.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz