Center Image
IHSAN.KZ
«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ «АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ» ҚҰЖАТЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ «АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ» ҚҰЖАТЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде Құран оқытуға келген қала тұрғындарына «Ас беру мәдениеті» құжаты таныстырылып, арнайы жадынамалар үлестірілді.

Шара барысында ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Дін мен дәстүр» бағытының жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы құжаттың негізгі талаптарын түсіндіріп, ас беру рәсімдерінде шариғат қағидалары мен ұлттық дәстүрлерді үйлестірудің маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ марқұмдарды еске алу кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу, қарапайымдылықты сақтау, ас мәзірін шектен тыс көбейтпеу және қаралы отбасына артық салмақ түсірмеу мәселелері жөнінде насихат айтылды.

Кездесудің басты мақсаты – халық арасында ас беру мәдениетін қалыптастыру, дін мен дәстүр сабақтастығын нығайту және жамағатты шариғат талаптарына сай ізгі амалдарға үндеу.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz