Center Image
IHSAN.KZ
«АР-РАХМАН» МЕШІТІНДЕ МӘЙІТТІ КЕБІНДЕУ ТӘРТІБІ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК ДӘРІС ӨТТІ
«АР-РАХМАН» МЕШІТІНДЕ МӘЙІТТІ КЕБІНДЕУ ТӘРТІБІ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК ДӘРІС ӨТТІ
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде ҚМДБ-ның «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету бағыты аясында мешіт жамағатына мәйітті кебіндеу бойынша түсіндіру дәрісі өткізілді.

Дәріс барысында шариғат талаптарына сәйкес мәйітті кебіндеу тәртібі мен оның негізгі ережелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, кебіннің түрлері, оны дайындау жолдары және марқұмды кебінге орау рәсімі іс жүзінде көрсетілді.

Кездесу барысында бұл рәсімнің діни маңызына тоқталып, мұсылмандық жерлеу рәсімдерін орындау кезінде ескерілетін маңызды мәселелер айтылды. Сондай-ақ жамағаттың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беріліп, қажетті діни мағлұматтар ұсынылды.

Дәрістің негізгі мақсаты – мұсылмандық жерлеу рәсімдеріне қатысты діни білімді арттыру, мәйітті кебіндеу тәртібін дұрыс меңгерту және шариғат талаптарына сай орындауға бағыт-бағдар беру.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz