Бұқар жырау ауданына қарасты Ростовка ауылындағы «Балкен ана» мешітінде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Мешіт имамы Марғұлан Заметдиновтың ұйымдастыруымен өткен игі шараға ауыл жамағаты белсене атсалысып, құлшылық үйінің ішкі және сыртқы аумағын ретке келтірді.
Тазалық барысында мешіт кілемдері шаңсорғышпен тазаланып, терезелері мен төбедегі үлкен аспалы шамдары жуылды. Сондай-ақ мешіт аумағында тазалық және ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы