Center Image
IHSAN.KZ
«Жастар руханият – шамшырағы» тақырыбында семинар өтті
«Жастар руханият – шамшырағы» тақырыбында семинар өтті
Жақып Ақбай мешітінде жастардың рухани тәрбиесін нығайту, адамгершілік құндылықтарды дәріптеу және имандылыққа баулу мақсатында «Жастар руханият – шамшырағы» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Семинарды Амина Бахытжанқызы жүргізіп, қатысушыларға руханияттың адам өміріндегі маңызы, жастардың қоғамдағы орны, ұлттық және діни құндылықтарды сақтау, ізгілік пен адамгершілікті бойға сіңіру жөнінде мазмұнды ой қозғады.

Кездесу барысында жастардың рухани дамуы, дұрыс бағыт-бағдар таңдауы, білім мен тәрбиені қатар алып жүруі сынды маңызды мәселелер сөз болды. Сонымен қатар қатысушылар өз ойларын ортаға салып, тақырып аясында пікір алмасты.

Тағылымы мол семинар жастардың рухани дүниесін байытып, ізгілікке, жауапкершілікке және адамгершілікке үндеген мазмұнды кездесу болды.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz