Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінде жастардың қоғамдағы рөлі мен белсенділігін арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Жастар мен қоғам» тақырыбында семинар сабағы ұйымдастырылды.
Рухани-ағартушылық бағыттағы семинарды мешіт ұстазы Амина Бахытжанқызы жүргізді.
Кездесу барысында жастардың қоғам алдындағы жауапкершілігі, қазіргі заманның өзекті мәселелері, ұлттық құндылықтарды сақтау және рухани тәрбиенің маңыздылығы кеңінен сөз болды.
Мешіт ұстазы жастарды білімге ұмтылуға, уақытты тиімді пайдалануға, саналы өмір салтын ұстануға және қоғамның дамуына өз үлестерін қосуға шақырып, тағылымды насихат айтты.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.
Аталған шара жастардың діни сауаттылығын арттыруға, рухани дүниетанымын кеңейтуге және қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуге бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы