Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінің жамағаты игі ниетпен, сауапты іс жасау мақсатында мешітке діни және рухани мазмұндағы кітаптарды уақып етті.
Бұл игі бастама жамағаттың діни сауатын арттыруға, рухани білімін жетілдіруге және кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Уақып етілген кітаптар мешітке келушілердің діни танымын кеңейтіп, пайдалы білім алуына мүмкіндік бермек.
Ислам дінінде білім тарату және өзгелердің игілігіне қызмет ету – сауабы мол ізгі амалдардың бірі. Әсіресе көпшілікке пайдасы тиетін кітаптарды уақып ету үзілмейтін сауапқа себеп болатын қайырлы істердің қатарынан саналады.
Алла Тағала осы сауапты іске үлес қосқан барша жамағаттың ниетін қабыл етіп, жасаған жақсылықтарын еселеп қайтарсын!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы