Center Image
IHSAN.KZ
«БАЛА ҚАЖЫ» МЕШІТІ: АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
«БАЛА ҚАЖЫ» МЕШІТІ: АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің ұйымдастыруымен қаладағы «Күнгей» мейрамханасында ас беру мәдениетін қалыптастыру және ысырапшылдықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында шариғат талаптары мен ұлттық салт-дәстүрлерімізге сай ас беру әдебі, дастархан мәдениеті, ас мәзірін реттеу және орынсыз шығынға жол бермеу мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Сондай-ақ, құдайы ас беру кезінде қарапайымдылықты сақтау, астың негізгі мақсаты марқұмға дұға бағыштау, Құран оқу және сауапты амалдар жасау екендігі айтылды.

Аталған шараның басты мақсаты – қоғамда ас беру мәдениетін қалыптастыру, діни және ұлттық құндылықтарды дәріптеу, халықты ысырапшылдықтан сақтандыру.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz